Президенттің тапсырмаларын орындау: Қазақстанда Моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін әзірлеу жоспарланып отыр
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы мәселе қаралды. Жоба бағыттары бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады.