Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев

1969 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласында туған.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, («Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультеті);

1993–1994 жылдары — «Эдем лтд» ЖШС экономисі;

1994–1997 жылдары — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі;

1997 жылы — «Алмаз және Компания» СӨБ экономикалық мәселелер бойынша директоры;

1997 жылы — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы;

1997–1998 жылдары — «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті;

1998–2000 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің директоры;

2000 жылы — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2001 жылы — «KEGOK» АҚ бірінші вице-президенті;

2001–2007 жылдары — «KEGOK» АҚ президенті;

2003–2007 жылдары — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы Директорлар кеңесінің төрағасы;

2007 жылы — «AirAstana» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2007–2008 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2008 жылы — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2007–2008 жылдары — «Қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы;

2008–2009 жылдары — «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы;

2009–2013 жылдары — Жамбыл облысының әкімі;

2013–2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі;

2016 жылғы наурыздан бастап — энергетика министрі (13.09.2016 қайта тағайындалды).

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен энергетика министрі болып қайта тағайындалды. 

«Құрмет» орденімен марапатталған, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

Тұлғаға қатысты материалдар