Әділет министрі

Қанат Сергейұлы Мусин

 

1966 жылы 27 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер», «аға әділет кеңесшісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы ретінде бастаған.

1986-1989 жылдары — «Целиноградоблгазтоп» өндірістік бірлестігінің аға заң кеңесшісі.

1989-1998 жылдары — Ақмола облысы Астана қаласында тергеуші, бөлім бастығы, прокурор орынбасары.

1998-2001 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2001-2007 жылдары — Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.

2007-2010 жылдары — Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы, бас инспекторы, меңгерушісінің орынбасары.

2010-2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2012-2016 жылдары — Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.

2016 жылғы наурыздан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы қаңтарға дейін — ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен ҚР әділет министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу