Алтай Сейдірұлы Көлгінов
1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген.
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.
2008-2010 жылдары жеке меншік компанияда қызмет етті.
2010-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды.
2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы желтоқсан аралығында – Астана қаласының әкімі.
2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.
2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
● білім және ғылым;
● денсаулық сақтау;
● әлеуметтік жаңғырту, әлеуметтік саясат, жұмыспен қамту;
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;
● мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;
● конфессияаралық және этносаралық татулықты қамтамасыз ету;
● мәдениет пен спортты дамыту;
● мемлекеттік тілді дамыту;
● демографиялық және көші-қон саясаты;
● ақпарат;
● туризмді дамыту;
● әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың (республикалық, өңірлік және салалық) жұмысы.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу