Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу
1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі болып бастаған.
1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.
2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.
2004-2006 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
2007 жылы ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы болды.
2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары; Аппарат басшысы.
2011 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.
2011 жылы – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.
2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.
2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2022 жылы – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022-2023 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
● сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін ілгерілету;
● сырттан инвестициялар тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту;
● шетелдермен сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени байланыстарды кеңейту;
● көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
● шет мемлекеттермен үкіметаралық комиссиялардың қызметі.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу