Асхат Раздықұлы Оралов
1990 жылы 10 ақпанда Павлодар облысында туған.
2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2014 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында магистратураны тәмамдаған. 2017 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы болып бастады.
2014-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016-2018 жылдары – «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы.
2018 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры.
2018-2019 жылдары – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.
2019-2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2020-2021 жылға дейін – ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2021-2022 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2022 жылдың ақпан айынан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы 4 қаңтарда Президент Жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі болып қайта тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу