Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Серік Жамбылұлы Шәпкенов

 

1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

2001-2002 жылдары — Батыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.

2002 жылы Батыс Қазақстан табиғатты пайдалану дирекциясының жетекші маманы болды.

2002-2005 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы.

2005-2006 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Қаржы департаментінің бас маманы.

2006 жылы — Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлім басшысы.

2006-2007 жылдары — Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің бөлім басшысы, директор орынбасары.

2007-2008 жылдары — Батыс Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары.

2008-2012 жылдары — Батыс Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2012 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2015 жылдары — Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.

2018-2020 жылдары — Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2020-2021 жылдары — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2021 жылғы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу