Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов
1967 жылы Алматыда дүниеге келген.
Қазан жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын және сол оқу орнының адъюнктурасын, «Көкше» академиясын, РФ ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын бітірген.
Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор.
Әр жылдары Жамбыл облысының Азаматтық қорғаныс штабында, Жамбыл облыстық ТЖ басқармасының дайындық және оқыту орталығында, Республикалық дайындық және оқыту орталығында және ҚР ТЖ агенттігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаментінде жауапты қызметтер атқарды.
2002-2005 жылдары — ТЖ агенттігінің Алматы қалалық ТЖ басқармасының даярлау және оқыту бөлім – орталығы бастығының орынбасары.
2005-2008 жылдары — Алматы қаласындағы ТЖД аумақтар мен халықты қорғау бөлімінің бастығы.
2008-2010 жылдары — Алматы қаласындағы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.
2010-2013 жылдары — ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты бастығының орынбасары.
2013-2021 жылдары — ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының басшысы.
2021 жылдан 2023 жылғы 10 маусымға дейін ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын басқарды.
2023 жылдың 10 маусымында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу