Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев



Қайырбек Өскенбаев 1964 жылы дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, Ақмола аграрлық университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1982 жылы ішкі істер органдарында бастаған. 

1991-1993 жылдары — Ақмола қалалық әкімшілігінің коммуналдық меншік бөлімінің меңгерушісі. 

1994-1999 жылдары — Ақмола мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің жекешелендіру жөніндегі бюросының директоры; Ақмола мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары; Астана қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы.

1999-2004 жылдары — «Астана қаласының коммуналдық меншік қоры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

Әр жылдары Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу комитетінің төрағасы, туризм және спорт вице-министрі, аймақтық даму брінші вице-министрі, ұлттық экономика вице-министрі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарушы директоры лауазымдарында қызмет еткен.

2018 жылғы қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, 2019 жылғы наурыздан бастап — ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу