Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
1969 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласында туған.
1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, («Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультеті);
Еңбек өтілі: «Эдем лтд» ЖШС экономисі (1993-1994);
Алматы қаласы әкімінің көмекшісі (1994-1997);
«Алмаз және Компания» СӨБ экономикалық мәселелер бойынша директоры (1997);
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы (1997);
«Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті (1997-1998);
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің директоры (1998-2000);
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (2000);
«KEGOK» АҚ бірінші вице-президенті (2001);
«KEGOK» АҚ президенті (2001-2007);
Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы Директорлар кеңесінің төрағасы (2003-2007);
«AirAstana» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007);
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007-2008);
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2008);
«Қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (2007-2008);
«KEGOK» АҚ басқарма төрағасы (2008-2009);
Жамбыл облысының әкімі (2009-2013);
Павлодар облысының әкімі (2013-2016);
«Құрмет» орденімен марапатталған, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
Тұлғаға қатысты материалдар