Сапархан Кесікбайұлы Омаров

1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысында дүниеге келген.

В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын және Қазақ мемлекеттік заң университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Ұлттық комиссиясының маманы қызметінен бастаған.

1996 жылдан 2007 жылдар аралығында — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы, департамент директоры және басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2007 жылы — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті болды.

2007–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2008–2011 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011–2014 жылдары — республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін — ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі.

2016 жылдан бастап 2019 жыл аралығында — VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл» медалімен, «10 жыл Астана», «Түркістан қаласының құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

Тұлғаға қатысты материалдар