Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова

1958 жылғы 4 наурызда Талдықорған облысының Көксу ауданының Бесқайнар ауылында дүниеге келген.

1979 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1979–1981 жылдары — орта мектепте химия пәнінің мұғалімі.

1981–1987 жылдары — Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы.

1987–1988 жылдары — Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы.

1988–1991 жылдары — Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы.

1991–1992 жылдары — Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары.

1992–1996 жылдары — Талдықорған қаласындағы №18 орта мектеп директоры.

1996–2002 жылдары — Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

2002 жылғы ақпаннан 2005 жылғы мамыр аралығында — ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2005 жылғы 23 мамырдан бастап 2007 жылғы сәуірге дейін — «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының бас директоры.

2007 жылғы сәуірден бастап 2009 жылғы қазанға дейін — ҚР білім және ғылым вице-министрі.

2009 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2008), «Парасат» орденімен (2014), «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005) үкіметтік және мемлекеттік мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Тұлғаға қатысты материалдар