Өмірзақ Естайұлы Шөкеев
Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді.
1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады.
1986-1988 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
1988-1991 жылдары - Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты;
1991-1992 жылдары - Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;
1992-1993 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
1993 жылы - ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1993 - 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшісі басшысының, әкімінің орынбасары;
1995 ж. қараша - 1997 ж. наурыз - ҚР Экономика министрі;
1997 ж. наурыз - қазан - ҚР Экономика және сауда министрі;
1997 ж. шілде - қазан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі);
1997 ж. қазан - 1998 жылғы сәуір - «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы;
1998 ж. сәуір - тамыз - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;
1998 ж. тамыз - 2004 ж. наурыз - Қостанай облысының әкімі;
1997 ж. ақпан - қараша - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі;
1997 ж. қараша - 1998 ж. тамыз - ҚР Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі;
1997 ж. наурыз - желтоқсан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы;
2004 жылдың наурызынан бастап Астана қаласының әкімі;
2006 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
2007 жылдың тамызынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;
2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары;
2011 жылдың 11 сәуірінде Мемлекет басшысының қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
2011 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2017 жылғы 15 желтоқсанға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы болды.
Тұлғаға қатысты материалдар