Ермек Аманшаев жаңа қызметке тағайындалды

Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары -  ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды. 

 А.ж. ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болды. 5 жылдан астам уақыт елорда әкімі болып қызмет етті. 

Мәдениет вице-министрі және «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Е. Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты. 

 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу