15 Қазан 2021, 14:47
Паспорт
1. Паспорт | |
1. Атауы |
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы |
2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты |
Барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру |
3. Іске асыру мерзімі |
2021 – 2025 жылдар |
4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы |
|
Күтілетін экономикалық әсер (сандық мәнде) |
Білім беру саласы бойынша негізгі капиталға инвестициялар, (2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсу %) 2025 жылы – 174,8% Білім беру саласындағы ЖҚҚ – 4 830 498,43 млн тг. Білім беру объектілерін салу (жапсарлас салу)/ашу есебінен құрылған жұмыс орындарының саны 2025 жылға қарай – 103 905 |
Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және/немесе сандық мәнде) |
3 – 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту – 100% Педагог жалақысының экономика бойынша орташа айлық жалақыға арақатынасы 102,9%-ды құрайды |
5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі |
2021 ж. – 168 225 209 мың теңге 2022 ж. – 227 454 873 мың теңге 2023 ж. – 410 141 796 мың теңге 2024 ж. – 557 840 591 мың теңге 2025 ж. – 606 872 798 мың теңге 2021 – 2025 ж. – 1 970 535 267 мың теңге |
6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
8. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Е.Л. Тоғжанов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі – А.Қ. Аймағамбетов |
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу