«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы

Паспорт

1. Паспорт

1. Атауы

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді

денсаулық сақтау» ұлттық жобасы

2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты

Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық

сақтауды қамтамасыз ету

3. Іске асыру мерзімі

 

2021 – 2025 жылдар

 

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушылар үшін пайда

Күтілетін экономикалық тиімділік (сапалық және сандық мәнде)

Денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды 2020 жылғы

121,5 млрд теңгеден 2025 жылы 783,3 млрд теңгеге дейін ұлғайту

13 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын (тұрақты) құру

Отандық фармацевтикалық өнімнің үлесін 2020 жылғы 17 %-дан

2025 жылы 50 %-ға дейін жеткізу

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және / немесе сандық мәнде)

Азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 

2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту

Халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану

деңгейін 2020 жылғы 53,3 %-дан 2025 жылы 80 %-ға дейін арттыру

5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

 

3,6 трлн теңге

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

ДСМ, БҒМ, МСМ, Еңбекмині, ИИДМ, АҚДМ, ЭГТРМ, СИМ, СІМ,

ҰЭМ, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ЦДИАӨМ, АШМ, ЖАО

8. Ұлттық жобаның жетекшісі

Ұлттық жобаның кураторы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.В. Цой

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжанов

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу