«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы

Паспорт

1. Паспорт  

1.Атауы

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы

2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты

Ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен әр алуандығын арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

3. Іске асыру мерзімі

2021–2025 жылдар

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы

 

Күтілетін  экономикалық әсер (сапалық және сандық мәнде)

«Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттардың инвестиция көлемі – 7,2 млрд тг.

Мәдениет объектілерін салу және жөндеу кезінде 7036 жұмыс орнын құру (тұрақты – 777, уақытша – 6 259).

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық түрде)

1. Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту – халықтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тартылуы, патриотизм сезімін арттыру

2. Мәдениет объектілеріне бару санын ұлғайту

3. Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі

4. Мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру

5. Жастар арасында волонтерлік мәдениет деңгейін арттыру

6. NEET санатындағы жастардың әлеуметтенуі – NEET санатындағы жастардың төмендеуі

7. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін жастарға жағдай жасау – 800 мың адам

5. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

2021 жыл – 27 797 417 мың теңге

2022 жыл – 26 695 141 мың теңге

2023 жыл – 23 416 984 мың теңге

2024 жыл – 20 781 813 мың теңге

2025 жыл – 20 683 911 мың теңге

Барлығы 2021 – 2025 – 119 375 266 мың теңге, оның ішінде:

РБ – 110 363 199 мың теңге;

ЖБ – 9 012 067 мың теңге

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш  өнеркәсібі министрлігі

Қазақстан Республикасының  Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Отбасы банк» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы облыстарының, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

7. Ұлттық жобаның жетекшісі

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Аида Ғалымқызы Балаева

8. Ұлттық жобаның кураторы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу