«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы

Паспорт

1. Паспорт  

1. Атауы

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы

2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты

Халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, оның ішінде: атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғырту.

3. Іске асыру мерзімдері

2021 – 2025 жылдар

4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы

 

Күтілетін экономикалық әсер (сандық мәнде)

2025 жылға дейін ҚР экономикасының өсуіне қосар үлесі жыл сайын 0,05-0,22 пайыздық тармақты құрайды.

Іске асыру есебінен 61043 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 830 тұрақты және 60213 уақытша.

Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және/немесе сандық мәнде)

- елдің ормандылығына республика ауданының 5 %-ына дейін қол жеткізу

- халықтың нақты табысын ұлғайту

5.Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі

1 413 126,354 млн тг, оның ішінде 2021 жылы – 90 670,266 млн тг,
2022 жылы – 146 976,923 млн тг, 2023 жылы – 240 331,431 млн тг,
2024 жылы – 365 564,78 млн тг, 2025 жылы – 5 69 582,954 млн тг.

6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы

ЭГТРМ

7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы

ЭГТРМ, БҒМ, АҚДМ, ДСМ, ЭМ, ИИДМ, ЖАО, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазсушар» РМК, «ЭДЭҮИ» АҚ, ЭГТРМ ОШЖДК ведомстволық бағынысты ұйымдары, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Астана энергия» АҚ, «АЛЭЦ» АҚ, «ПКОП» ЖШС, «Казхром» ТҰК» АҚ, «АЗХС» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Стройдеталь» ЖШС, «АМӨЗ» АҚ, «Казцинк» ЖШС ӨТМК, «УК ЖЭО» АҚ, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС, «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «Қазақстан Алюминиі» АҚ, «Clean City NC» ЖШС, «ҒТӨ Kazecotech» ЖШС, «Astana Recycling Plant» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС.

8. Ұлттық жобаның жетекшісі мен куратор

Жетекші – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешев, куратор – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Скляр

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу