Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Премьер-Министр «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан балабақшаға барды

27 маусым 2016, 19:37
Қарағанды облысы

Премьер-Министр К.Мәсімов Қарағандыдағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан балабақшаға барды.

Қарағандыда ағымдағы жылдың шілде айында 320 орынға шақталған жаңа балабақшаны ашу жоспарлануда, онда әрқайсысында 20 бала қамтылған 16 топ болады.

Премьер-Министрге облыс әкімінің бірінші орынбасары баяндағандай, балабақша шілде айында пайдалануға беріледі.

Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы белгіленген қарқында жүзеге асырылып жатыр, қазіргі сәтте тұрғын үй құрылысы нысандарын инженерлік желілермен қамтамасыз етуге қатысты жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғын үй құрылысы бірнеше бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн, атап айтқанда: «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры. Сонымен қатар Премьер-Министр «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есепті тыңдады.