Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Үкіметінде еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту шаралары қаралды

20 желтоқсан 2018, 18:45
Фото: primeminister.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында еліміздегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері талқыланып, инвестициялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заңнамалық өзгерістер пакетінің жаңа тәсілдерінің презентациясы өтті.

Заң жобасы инвесторлармен диалогтық алаңдар аясында бірлескен талқылаулар мен жүйелік талдаудың нәтижелері бойынша дайындалған. Ұсынылған тәсілдерді қабылдау еліміздің инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді.

Соңғы 13 жылда (2005 жылдан бастап 2018 жылдың І жарты жылдығында) Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы түсімі $277 млрд құрады. 2018 жылдың І жарты жылдығында ТШИ жалпы көлемі 15,4%-ға өсіп, $12,3 млрд құрады (І жарты жылдықта — $10,5 млрд).

Осы жылдың 10 айында негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі 8,6 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға (немесе 2,1 трлн теңгеге) артық. Сонымен қатар, сыртқы инвестициялардың үлесі 29,5%-ды (2,5 трлн теңге) құрады.

Биыл шетелдік инвесторлардың қатысуымен $3,45 млрд сомасына 6 мың жұмыс орнын құрумен 29 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде ТҰК қатысуымен 1,3 мың жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы $604 млн болатын 8 жоба іске асырылды.  

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз