Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет үйінде Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

25 қаңтар 2019, 17:32
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Қазақстанның салық реформасына қатысты көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнеске салық салу жүйесін жетілдіруге, корпоративтік салық салуға, халықаралық салық тәжірибесі мен әкімшілендіруді дамытуға ықпал ететін перспективалар, сондай-ақ салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыс деп танымау және ҚҚС қолдану мәселелері қаралды. Бұдан өзге, отырыс қатысушылары қалдықтарды басқару тетігін одан әрі дамытудың ұсынылған жоспарлары бойынша пікір алмасты.

Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры Д. Брэдбери, Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі М. Гиффорд, Қазақстандағы Канада елшісі Н. Бруссо, Қазақстандағы Еуропалық Одақ елшісі С. Карлсон, Қазақстандағы АҚШ елшілігі істерінің уақытша сенімді өкілі Т. Линг, Ernst and Young Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Е. Досымбеков, PricewaterhouseCoopers компаниясының салықтық және құқықтық қызметтер тобының басшысы М. Ахерн, Deloitte компаниясының кедендік салық салу, энергетика және ресурстар мәселелері жөніндегі серіктесі Э. Мэхон, салық кеңесшілері палатасының вице-президенті А. Хорунжин, сондай-ақ, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев баяндама жасап, ұсыныстарын жеткізді.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз