Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №30

24 сәуір 2017, 10:06

2017 жылғы 17-22 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Дүйсенбі күні, 17 сәуірде Ақордада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қабылдауында болды. Президентке Үкіметтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмысы, сонымен қатар еліміздің 2017 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді.

Сондай-ақ, осы аптада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласын дамыту және «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелері жөнінде өткен кеңес жұмысына қатысты.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Астана ЭКСПО - 2017» көрмесін өткізуге дайындық жұмыстары бойынша берген тапсырмаларын іске асыру және көрме нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы кеңес өткізді.

Сейсенбі күні, 18 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында 2017 жылғы 1 тоқсандағы ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу, экономика өсімінің мақсатты индикаторларының 2017 жылғы 1 тоқсанда орындалу қорытындылары, сонымен қоса 2017 жылы әкімдердің халықпен есеп беру кездесулері барысында көтерілген мәселелер қаралды.

Сол күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Мемлекеттік кеңесі Премьерінің бірінші орынбасары Чжан Гаолимен кездесуі өтті.

Сондай-ақ, осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Бейсенбі күні, 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Осы күні ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Ernst & Young» халықаралық консалтингтік компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Жұма күні, 21 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын экономиканы жылдамдатылған технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде іске асыру бойынша кеңес өткізді.

Сенбі күні, 22 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Астана қаласының халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы барысымен танысты.