Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Kazakh Invest China-ASEAN Expo XIV көрмесінің ұйымдастырушыларынан екі премия алды

14 қыркүйек 2017, 17:00
Фото: Inform.kz

Қытайдың Наньнин қаласында China-ASEAN Expo XIV халықаралық көрмесі жалғасуда, оның алаңында қазақстандық жетекші компаниялар «Kazakh Invest» ҰК қолдауымен отандық өндіріс өнімдерін ұсынды.

Көрме аясында Қазақстанның инвестициялық, экспорттық, транзиттік-көлік әлеуетін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мүмкіндіктерін таныстыру бойынша роуд-шоу өткізілді.

Айта кеткен жөн, Қазақстан «Экспо Қытай–АСЕАН» көрмесіне ынтымақтастық бойынша арнайы шақыртылған серіктес ретінде қатысып жатыр.

C:\Users\Kulshmanov_KA\Downloads\IMG_3410.JPG

C:\Users\Kulshmanov_KA\Downloads\IMG_3390.JPG

Сонымен қатар көрме ұйымдастырушылары Қазақстанның ұлттық стендін ең жарқын стендтердің бірі ретінде атап өтті.

C:\Users\Kulshmanov_KA\Downloads\IMG_3409.JPG

ҚХР Гуанси-Чжуан автономдық ауданының губернаторы Чэнь У Kazakh Invest басшылығына «Экспо Қытай–АСЕАН» 14-ші көрме павильонының үздік ұйымдастырушысы» және «Инвестициялық ынтымақтастыққа үздік үлесі» премияларын табыстады.

«Көрме аясында қазақстандық инвестициялық әлеует ұсынылды. Біз қытайлық компанияларға Қазақстанның әсіресе «Бір белдеу – Бір жол» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық шеңберіндегі мүмкіндіктерін көрсетеміз», — деді «Kazakh Invest» ҰК Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында 27 млрд доллар сомасына 50-ден астам жоба іске асырылуда. Бұдан өзге, көрме алаңында әлеуетті инвест-келісімдер бойынша жаңа компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

Kazakh Invest басшысы Beijing Silver Tiger International Investment Management басқарма төрағасы Цой Лунфэймен кездесу барысында бірлескен инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық орнату туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын айтты.

«Қор Қазақстан мен трансшекаралық ынтымақтастық аумағындағы жобаларға арнайы инвестицияларға арналады», — деп түсіндірді Мақсат Қабашев.

Оның айтуынша, қорға Қазақстанның 20-дан астам инвесторы қатысады. Kazakh Invest осы қорды басқаруға қатысады. Қор ағымдағы жылдың соңына дейін қалыптасады деп күтілуде. Қор жұмысының басты бағыттары жаңа технологиялар саласы, оның ішінде электронды коммерция және логистика саласындағы технологиялар болып айқындалды.

Оған қоса, «Экспо Қытай–АСЕАН» аясында 20 қазақстандық компанияның өкілдері қытайлық инвесторлармен ауыл шаруашылығы, машина жасау және т. б. салаларда келіссөздер жүргізуде.