Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бұл кәсіпкерлердің көңілінен шығатын мега-заң — А. Мырзахметов

03 қазан 2017, 11:10
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясы аясында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы пікірімен бөлісті.

Оның пікірінше, бизнес тұрғысынан бақылау-қадағалау саласы алғаш рет осындай жан-жақты тексеріледі.  

«Бұл кәсіпкерлерге ұнайтын мега-заң», — деді Абылай Мырзахметов.

Сондай-ақ, ол санитарлық ережелер мен нормалар және өрт қауіпсіздігі бойынша ұсынылып отырған бақылау мен қадағалау жұмыстарын айтарлықтай төмендетуге назар аударды.

«Аталған екі сала — тексерістер бойынша ең алдында, әрі үнемі қысымға алынады. Мәлім болғандай, шағын және микробизнес қызмет көрсетулер, сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларына негізделген. Әрине, олар заң қабылданғаннан кейін өзгерістерді байқайды», — деді А. Мырзахметов.

ҰКП басқарма төрағасының айтуынша, бақылауды 30%-ға төмендету, қайталанатын нормаларды алып тастау, мерзімдерді қысқарту секілді шаралар қазақстандық бизнеске оң әсерін тигізеді.

А. Мырзахметов бизнес тұрғысынан бақылау мен қадағалауды төмендету бойынша алдағы қадамдарға қатысты «Атамекен» ҰКП осындай тексерістерді жыл сайын жүргізуді ұсынатынын атап өтті.  

Бұдан өзге, ҰКП дамытуды көздеп отырған маңызды бағыт — цифрландыру. А. Мырзахметов қазіргі таңда қағаз саласын қысқартып, цифрлық режимге көшу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«2017 жылдың 1 қарашасына қарай бизнес бойынша 56 мемлекеттік қызметтің 30-ы тексерістен өтеді және цифрландырылады. Процестерді одан әрі автоматтандыру бойынша қабылданатын тәсіл бизнес жұмысын едәуір жеңілдететін болады», — деп сөзін қорытындылады А. Мырзахметов.

Бұл кәсіпкерлердің көңілінен шығатын мега-заң — А. Мырзахметов
1/4
Бұл кәсіпкерлердің көңілінен шығатын мега-заң — А. Мырзахметов
2/4
Бұл кәсіпкерлердің көңілінен шығатын мега-заң — А. Мырзахметов
3/4
Бұл кәсіпкерлердің көңілінен шығатын мега-заң — А. Мырзахметов
4/4