Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев экспортты дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

08 қараша 2017, 15:30
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экспортты дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру бағыттары талқыланды. Экспорттық әлеуетке ие тауарлардың «экспорттық қоржыны» қаралды.

Анықтама: Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 2017 жылдың қаңтар–тамыз аралығында $1 347,9 млн құрады. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӨК өнімдері экспортының 10,6%-ға ($1205,9 млн-нан $1 347,9 млн дейін), соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдері 9,9%-ға ($563,1 млн-нан $625 млн дейін) артқаны байқалады. Экспорт құрылымы бойынша негізгі көлем бидай (28,3%) мен ұнға (21,0%) тиесілі.