Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығы соты төрағасының ант қабылдау рәсіміне қатысты

06 желтоқсан 2017, 16:07
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Президентінің тиісті өкімімен «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы болып тағайындалған лорд Гарри Кеннет Вульфтің ант қабылдау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Рәсім соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы мен судьяларына халықаралық қаржы орталығының қызметіне әлемдік қоғамдастықтың сенімін арттырудың маңызды екенін айтты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының тәуелсіз соты 2018 жылғы қаңтардан бастап жұмысына кіріседі.

***

Лорд Гарри Кеннет Вульф қаржы құқығы саласындағы халықаралық төреші әрі медиатр болып саналады. Ол Англияның, Уэльстің, Катар мен Гонконгтың сот жүйелерінде жұмыс істеп, кәсіби мол тәжірибе жинақтаған.