Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР ИДМ және Kazakh Invest жетекші британдық компаниялармен Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

15 желтоқсан 2017, 15:19
Фото: РrimeМinister.kz

Лондонда 12 желтоқсанда өткен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның IV отырысы аясында Қазақстан делегациясы ірі британдық компаниялармен бірқатар келісімдерге қол қойды.

Отырыс барысында министр ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Metalysis, Peter Humbro Limited, Wood Group, UK Export Finance, Citizen Machinery UK секілді компаниялардың өкілдерімен әлеуетті ынтымақтастық және өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Metalysis компаниясының бас атқарушы директоры Дион Воганмен кездесуде арнайы экономикалық аймақ аумағында аэроғарыштық, автоматтандырылған озық өндіріс қосымшалары үшін 3D баспада қолданылатын металл ұнтақтарын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігі қаралды.

Peter Humbro Limited компаниясының директоры Питер Хамбромен («Petropavlovsk»  ресейлік алтын өндіруші компаниясының негізін қалаушылардың бірі) кездесудің нәтижесінде терең өңдеу деңгейінде алтын өндіру бойынша өңдеу зауытының құрылысы мен роялтиден бюджетке тиісті түсіммен оның рефракциясына халықаралық институттардан (Дүниежүзілік Банк, ЕҚҚДБ және т.б.) қаржы тарту туралы келісімге қол қойылды.

Wood Group (қазіргі таңда компания «Хитроу» әуежайындағы жаңа терминал құрылысының негізгі қатысушысы) аға вице-президенті Алекс Хейнспен кездесу барысында тараптар Қазақстандағы әуежайлар құрылысының жобалары бойынша ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылауға келісті.

Ұлттық экспорттық–несиелік агенттіктің (UK Export Finance, UKEF) атқарушы директоры Луи Тэйлормен бірлесіп UKEF-тің $4 млрд сомасына Қазақстанның ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, сондай-ақ, Алматыда LRT құрылысы бойынша жобаларына инвестиция салу жағдайлары қаралды.

Citizen Machinery UK компаниясының президенті Джефф Браянтпен кездесуде МТА-ға мүше компаниялар шығаратын станоктарды, машина жасауға қажетті жабдықтарды талап ететін Manufacturing Technologies Association жобалары талқыланды.

United Green компаниясының бас инвестициялық директоры Альбрехт Фришеншляйгермен бірге «Burnoe Solar-2» КЭС күн панелдерін шығаратын зауыт құрылысының жобасын іске асырудың қазіргі жағдайы және Қазақстанда балаларға арналған сүт ұнтағын өндіру зауытын салу мүмкіндігі талқыланды.