Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Цифрлық ХҚКО және көші-қон қызметі орталығы — А. Оспанов «Азаматтарға арналған үкіметтің» 2017 жылғы жұмыс қорытындысы туралы

24 қаңтар 2018, 15:30

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамыту, бизнес үдерістерге заманауи тәсілдерді енгізу үшін Мемлекеттік корпорация қандай шаралар қолданады, мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру арқылы не өзгереді және ол халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға қалай септігін тигізеді?

Осы және басқа да мәселелер жайында PrimeMinister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов айтып берді.

— Абылайхан Есенұлы, ХҚКО-лар бүгін қаншалықты тиімді жұмыс жасайды?

— Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорация арқылы 37 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олардың 24 млн жуығы — электронды форматта. Жыл сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық туралы сауалнама жүргізіледі, және бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 83% құрайды, яғни бұл біздің жұмысымызға көңілі толған келушілер. Біз бұған тоқтап қалмай, әрі қарай жылжимыз. Қажетті ыңғайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз және тапсырыс берушімен мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылаймыз. Бүгінгі таңда Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдау және тапсыруды жүзеге асырады, ал көбіне мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін бақылау үшін біз Мемлекеттік корпорация базасында Ситуациялық орталық құрдық, ол мемлекеттік қызмет көрсету сапасын секунд сайын бақылайды.

— Қызмет көрсетуде қандай жетістіктер бар?

— Мемлекеттік қызмет алудың ыңғайлылығына қатысты бірқатар пилоттық жоба іске қосылды. Мобильді ХҚКО-тарын атап өткім келеді, онда біз кесте бойынша барып, жер-жерлерде мемлекеттік қызмет көрсетеміз. Сондай-ақ, ағымдағы жылы бірқатар сервистерді іске қостық, ол үйге құжаттарды жеткізу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің әзірлігі туралы хабарландыру, яғни сізге құжатыңыздың дайын екені туралы бірден СМС келеді.

Бұдан өзге, мобильді қосымшалар үшін жұмыс жүргізілуде. Telegram-бот жұмыс істейді, онда сіз жақын жерде орналасқан ХҚКО-ны, оның жүктемесін көре аласыз, сондай-ақ онлайн режимде брондау жасап, алдын ала белгіленген уақыт бойынша өзіңізге ыңғайлы ХҚКО-ға келе аласыз.

— Еліміздегі алғашқы цифрлық ХҚКО құру туралы айтып берсеңіз. Осындай орталықтарды басқа қалаларда ашу жоспарда бар ма?

—  Қазір біз фронт-офистерді трансформациялау жұмыстарын жүргізіп, жұмыс орындарының басым бөлігін, компьютерлерді өз-өзіне қызмет көрсету аймағына орналастырып жатырмыз. Біз азаматтардың бүгінгі күні электрондық қызметтерді пайдаланған қалай ыңғайлы әрі оңай екенін түсінгенін қалаймыз. Азаматтардың қандай мақсаттар мен міндеттер үшін келіп, электрондық қызметтерді алатынын білу үшін электрондық қызметтерге талдау жасадық. Онда жеке де, мемлекеттік те құрылымдар бар: бұлар — емханалар, мектептер.

Соның нәтижесінде біз Paper Free жобасын қабылдадық, азаматтардың қажетті анықтамаларды өз бетімен, бірақ азаматтың тікелей келісімімен ала алуы үшін қажетті электронды анықтамаларды электронды түрде алуды азайтуды жоспарлап отырмыз.

—  Проактивті форматта баланың тууына көрсетілетін қызмет туралы пилоттық жоба қалай іске асырылады?

—  «Проактивті формат» қағидасы қандай? Біз мемлекеттік қызметке бастамашылық ету керек екенін білеміз, ендігі азамат қызмет алуға жүгінбейді, мұнда мемлекет телефон арқылы мемлекеттік қызметті алуды ұсынады.

Бұл пилоттық жоба үйден шықпастан, баланың туу туралы куәлігін алуға, оны балабақша кезегіне қоюға және әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік береді. 3,5 мыңнан астам жас аналар мемлекеттік қызметті проактивті форматта алу процесін бастады және бүгінгі таңда мынандай статистикалық деректерді ұсынуға болады: 700-ден астам туу туралы куәлік беріліп, шамамен 200-ге жуық бала SMS-хабарлама арқылы кезекке қойылды.

— Елордамызда шетел азаматтарына арналған көші-қон қызметтері орталығының ашылуы туралы толығырақ айтып берсеңіз. Не жеңілдетіледі және не үшін?

—  Біз ІІМ-мен бірлесе отырып, осы пилоттық жобаны дәл Астана қаласында сынап көріп, осындай көші-қон жөніндегі ХҚКО ашуды жөн көрдік, яғни, бұл — тек Қазақстан азаматтары үшін емес, сырттан келушілер үшін де барлық қолайлы жағдайды жасау туралы шешім. Осы ғимаратқа бұрын әр жерде орналасқан барлық қажетті қызметтерді шоғырландырдық, олар — банктер, сақтандыру компаниялары, медициналық мекемелер, салық қызметі. Егер бұған дейін рұқсат алу үшін немесе мерзімін ұзарту үшін шамамен 5 күн мен 5-6 орынға бару қажет болса, ал қазір осының бәріне бір сағаттай уақыт жеткілікті. Әзірге тек жақсы көзқарасқа ие болып тұр, енді осындай ХҚКО-ны Алматыда және алдағы уақытта еліміздің батыс өңірінде ашуды жоспарлап отырмыз.

— Автокөліктерді онлайн режимде қайта тіркеу туралы бұған дейін мәлімделген жоба қазір қандай сатыда тұр?

—  Бүгінде бізде арнайы ХҚКО бар. Сол жерге барып, салыстырудан өтіп, қажетті құжаттарды тапсырасыз, мемлекеттік баж салығын төлеп, қалған уақытта техникалық паспорттардың дайындалуын күтесіз. Аталған процесті электронды тіркеу қызметі жеңілдетеді, бұл барлық қайта тіркеу жұмыстарын оңтайландыруға жол ашады. Жылдың бірінші жартысында ІІМ-мен бірлесіп, пилоттық режимде осы қызметті электрондық үкімет порталында іске қосамыз деп ойлаймын, сол себепті де біз биылдан бастап азаматтардың электронды форматта қайта тіркеу мүмкіндігіне ие болып, соның нәтижесінде техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді өздері алып кетіп немесе пошта қызметі арқылы тапсырыс беріп, ала бастайды деп жоспарлап отырмыз.