Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Су тасқыны кезеңіне дайындық: автомобиль жолдарының 476 қауіпті учаскесі бақылауға алынды — ҚР ИДМ

20 ақпан 2018, 11:16
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жолдардың су тасқыны кезеңіне әзірлігі туралы баяндады.

Жеңіс Қасымбек мәлімдегендей, тәулік бойы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылды және автомобиль жолдарына күнделікті күзет жүргізілуде, ұзындығы 316 км болатын 476 қауіпті учаске, 942 құбыр және 101 көпір, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында екі бөгет және Қарағанды облысында алты бөгет бақылауға алынды.

«Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін қазір қажетті құрылыс материалдары және құрылыстар дайындалды. Бұл — құм, қиыршық тастар, су өткізу құбырлары, ыдыс-қаптар, ЖЖМ және басқа да техника. Қазіргі уақытта құрамында 8 мың адам, 1000 автомобиль және 1 285 бірлік инженер техникасы бар 1014 азаматтық қорғаныс құрылымдары дайын тұр», — деді министр Жеңіс Қасымбек.

Пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдар мен сел жүру және көктемгі су тасқынын өткізуге жасанды құрылыстарды дайындау бойынша іс-қимыл жоспары анықталды. Аталмыш іс-қимыл жоспарында 602 вагоннан тұратын 42 су шаюына қарсы пойыз қалыптастыру қарастырылған. Сумен күресу үшін қажетті материалдар дайындалып жатыр: тас, цемент және басқа да материалдар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық филиалдарында отын және майлау материалдарының қажетті қоры, бірінші кезекте қашықта орналасқан учаскелерде бар. 11 жол бөлімшесінің 78 көпірі астындағы су ағысы арналарын өлшеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Көпірлер астындағы мұз кептелісін жою үшін «ҚТЖ» филиалдары қар көшкінін түсіру үшін жару жұмыстарын және мұзды үгіту бойынша бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар жасады.

Бұдан өзге, «Су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасымен «Көкпекті – Карағайлы учаскесінде Қарасор көлін айнала ұзындығы 23,6 км темір жолдар құрылысы» жобасын іске асыру қарастырылған. 

Министрдің айтуынша, жоба ЖСҚ 2018 жылғы наурызда аяқталады.  Жалпы көрсетілген учаскенің құрылысын аяқтау мерзімдері келесі жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Азаматтық қорғаудың Республикалық көлік, жолдар және көпірлер қызметінің күштері мен қаражаты (оның ішінде «ҚТЖ» ҰК, «ҚазАвтоЖол» ҰК және «Қазақавтожол» РМК) көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға және республикалық маңыздағы теміржол және автомобиль жолдарында жүруді қамтамасыз етуге қабілетті», — деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.