Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы халық әртісі Юрий Померанцевті қабылдады

06 мамыр 2018, 17:52
Фото: akorda.kz

Елбасы Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Юрий Померанцевтің Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық дамуына зор үлес қосқанын атап өтіп, оны 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

«Сіздің өмір жолыңыздың өзі – үлкен ерлік. Сіз үш жүзден аса драмалық рөлдерді сомдап, он екі фильмге түскеніңізден бөлек, Ұлы Отан соғысына қатыстыңыз. Отандық драматургия мен киноның барша мойындаған шебері әрі өнеріміздің майталманы болумен қатар, Сіз тамаша әртістердің үлкен шоғырын тәрбиеледіңіз және педагогикалық қызметіңізді әлі де жалғастырып келесіз. Сіздің ұзақ өмір сүруіңіздің сыры – тынымсыз еңбек етуіңізде», — деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ю. Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісін бере отырып, оның Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, ІІ дәрежелі Отан соғысы және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің кавалері, «Құрмет белгісі», «Отан» және басқа да көптеген медальдардың иегері екенін атап өтті.

«Сіздің өнегелі өміріңіз бен белсенді қоғамдық қызметіңізді, Қазақстанның мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесіңізді көрермендеріңіз бен өнеріңізге бас иетін бірнеше ұрпақ біледі. Соны ескере отырып, Сізге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру жөніндегі жарлыққа қол қойдым», — деді Мемлекет басшысы.

Ю. Померанцев Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіре отырып, мұндай жетістіктерге көп жылғы әрі қажырлы еңбектің арқасында жеткенін атап өтті.

«Ең жоғары марапатты ала отырып, оны қалай ақтаймын деп ойлап отырмын. Жұмыс – менің бүкіл ғұмырым, менің өмірімнің мәні. Туған Қазақстаныма қызмет ете беремін», — деді халық әртісі.

Мемлекет басшысы халық әртісі Юрий Померанцевті қабылдады
1/2
Мемлекет басшысы халық әртісі Юрий Померанцевті қабылдады
2/2