Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды

31 мамыр 2018, 15:08
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Астанада «Төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-тегеуріндері» тақырыбында Ideas for Women 2018 жаңа мүмкіндіктер форумы басталды. Форумның мақсаты — Қазақстандағы әйел кәсіпкерлігін әлемдік экономиканы дамытудың жаһандық трендтеріне сай келетін жаңа деңгейге шығару.

Форум жұмысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден аса кәсіпкер әйел, 150 компания қатысты. 7 елден 20 спикер шақырылған. Олардың қатарында цифрлық стратегиялар мен инновациялар саласындағы маркетинг бойынша сарапшы Мұстафа Ичиль, Muzan Group басшысы Диана Музан, ҚР-дағы Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы Агрис Прейманис, «Назарбаев университетінің» Бизнес мектебінің профессоры Марек Йохец бар.

Форумның ұйымдастырушысы, «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» РҚҰ президенті Раушан Сәрсембаева құттықтау сөзін арнап, қазақстандық бизнес-вумендерге АТ көмегімен бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін едәуір жақсартуға мүмкіндік беретін әлемдік экономиканың жаһандық үрдістерінен артта қалып қоймаудың өте маңызды екенін атап өтті.

президент Ассоциации деловых женщин Казахстана Раушан Сарсембаева

«Бүгінде технологиялардың дамуы әлемді қарқынды түрде өзгертуде: мемлекеттік баж салығы, коммуналдық қызметтер, мобильді банкинг арқылы бір қаладан екіншісіне ақша аудару және т.б. Бизнес қазіргі таңда осы жаһандық даму барысында трендте болмауы мүмкін емес. Артта қалып қалмау үшін қазірдің өзінде жаңа құралдармен жарақтандырылу керек. Бұл форум АТ мамандарына емес, тар профильді бағдарламашыларға да арналмаған. Ол – бүгінгі таңда орнын толтырған, әйелдер бизнесіне арналған форум, ШОБ-тің шамамен 40% әйелдерге тиесілі. Digital-экономика, цифрлық коммуникациялар, цифрлық сауда-саттық құралдарымен кім жылдамырақ жарақтандырылса, сол жаңа деңгейге шығады», — деді Раушан Сәрсембаева.

Оның айтуынша, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы бүгінде осындай шараны өткізіп жатқан алғашқы ұйымдардың бірі және Төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-тегеуріндерін жеке бизнесті дамытуға берілген мүмкіндік ретінде қарастыру керектігін еске сала отырып, форум қатысушыларын жаңа біліммен қамтамасыз етеді.

«Кеше ғана біздің Қауымдастықтың мүшесі жиһаз өндірісіне жаңа, толығымен автоматтандырылған жабдық алды. Бұған дейін онда 10 адам жұмыс істесе, енді тек бір адам ғана жұмыс істейді. Өндіріс орындарында қанша ауыр еңбек ресурстарының босатылып жатқанын осыдан көруге болады. Сатылатын өнімнің сапасы арта түседі, өнімдерді шығару уақыты қысқарады. Осының бәрі бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Мұндай мысалдар көп», — деді Р. Сәрсембаева.

Форумның ашылу салтанатында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жаһандық экономикада әйелдер рөлінің өсуі — соңғы онжылдықтарда тұрақты үрдіске айналғанын, ал жаңа ақпараттық–коммуникациялық технологиялар әйелдердің дамуына жаңа перспективалар ашатынын айтты.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің міндетіміз – Төртінші өнеркәсіптік революция технологияларын игеруге Қазақстан қоғамының барлық топтарын тарту. Бұл тұрғыдан еліміздің ірі қоғамдық бірлестіктерінің біріне айналған Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының рөлі мен маңызы зор», — деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының рөлі туралы айтып берді.

«Елеулі жетістіктерге қарамастан, әйелдер кәсіпкерлігінің үлкен әлеуеті бар. Алдағы цифрлық дәуір –  бұл жаңа мүмкіндіктер терезесі, соның арқасында біз осы әлеуетті іске асыра аламыз. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бірнеше бағыттарды қамтиды, олардың арасында іскерлік орта үшін үлкен қызығушылық тудыратыны – экономика салаларын цифрландыру. Аталған бағыт аясында біз электронды саудаға, оның ішінде ауылдық жерлерде едәуір серпін беруді көздеп отырмыз», — деді Дәурен Абаев.

ҚР Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) инвестициялық қаржыландыру және консультациялар беру арқылы Қазақстандағы экономикалық түрленулерге жәрдемдесуге тартылған.

ҚР-дағы Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы Агрис Прейманис өзінің сөйлеген сөзінде гендерлік теңсіздікке байланысты қазіргі сын-тегеуріндер туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, әлемде Интернет пайдаланушылар арасында әйелдердің саны ер адамдарға қарағанда 250 млн адамға аз. Сонымен қатар, тіпті дамыған елдерде де индустрия, инновациялар, технологиялар секілді салаларда ер адамдардың саны басым. Дегенмен, Агрис Прейманис бұның оң тұстарын да атап өтті.

«Инновацияларда осындай қызықты сәт бар: АҚШ-та әйелдер тарапынан патенттердің өсімі байқалады. Қазақстанда 2010–2011 жылдары «Электроника», «Техника» мамандықтары бойынша бірде-бір студент қыз болмаған. Ал бүгінде STEM мамандықтарында қыздар мен ер балалардың үлесі тең деуге болады», — деді А. Прейманис.

ЕҚҚДБ басшысы осы салаларға әйелдердің қатысуын одан әрі дамыту және жағдайды жақсарту үшін цифрландыру мүмкіндіктері мен әлеуетін пайдалануға кеңес берді.

ЕҚҚДБ үлесіне келсек, А. Прейманистың айтуынша, 2001 жылдан бері банк цифрлық технологияларды енгізу бойынша кеңестер беріп жүр.

«Сол уақыттан бері 400-ден астам компания цифрландыру, яғни жаңа технологияларды, жүйелерді енгізу, бизнесті жүргізу, жаңа маркетингтік тәсілдерді енгізу бойынша дайындықтан өтті. Соның ішінде 200-ден астам әйел кәсіпкерлер біздің бағдарламалар арқылы оқыды. Олардың көпшілігі цифрландыру тақырыбында білім алды. Бұдан өзге, біз ЕДБ арқылы кәсіпкерлерге 16 мыңнан астам несие бердік. Олардың басым бөлігі цифрландыруға қатысты жобаларды қаржыландыруға жұмсалды», — деді А. Прейманис.

Форумның ашылу салтанатында қазақстандық мектеп оқушылары— Нұрбике Болат, Лейла Нұрбек, Ділдана Абдуллаева, Дариға және Рабиға Естаева әзірлеген YsyrApp стартап-жобасының таныстырылымы өтті. Жобаның мәні — жаһандық ысырапшылдық проблемасын шешу және әлемге «ысырап» жөніндегі тәрбие моделі мен қазақ философиясын жеткізу.

Әлемде адамдар күнделікті тамақты қоқысқа тастайды: тамақтың 70%-ы тұтынылады, 30%-ы тасталады, оның ішінде 15%-ы — мейрамхана тағамдары. Қыздар аталған мәселені шешу мақсатында мобильді қосымша ойлап тапты.

«Егер мейрамханада дайындалған тамақ қалған болса, онда біреу оны сатып алуы мүмкін. Артылып қалған тамақ мәселесін шешуге мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны әзірлеу туралы шешімге келдік», — деді жас стартапшылар.

Екі күндік форум түрлі форматта: презентациялар, шеберлік сыныптары, жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылардың тренингтері түрінде өтіп жатыр.

Форумның алғашқы күнінде екі сессия өтеді, онда қатысушылар Төртінші өнеркәсіптік революция тұрғысынан қазақстандық бизнестің сын-тегеуріндерін және бизнес тиімділігін арттыруға арналған жаңа технологияларды талқылайды.

Ертең, екінші күні форум қатысушыларына электронды коммерция, интернет-дүкендер құру, әлеуметтік желілер арқылы өнімдердің сатылуына ықпал ету бойынша тренингтер ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылар екі күннің ішінде форумға қатысушылар жоғарырақ деңгейге жетуге жол ашатын білім, шешімдер мен механизмдерді алатынына сенім білдіреді.

Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
1/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
2/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
3/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
4/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
5/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
6/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
7/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
8/9
Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа деңгейге шықты: Астанада Ideas for Women 2018 форумы басталды
9/9