Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

МЖӘ негізіндегі ірі инфрақұрылымдық жоба — «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысы басталды

31 мамыр 2018, 17:12
Фото: primeminister.kz

2018 жылғы 31 мамырда Алматы қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» (ҮАААЖ) құрылысын бастау салтанатына қатысты.

Сондай-ақ, шараға Алматы облысының әкімі А. Баталов, ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаев қатысты.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен басталған «Үлкен Алматы айналма жолы»  автомобиль  жолының құрылысы жобасын жүргізу аса маңызды екенін атап өтті.

«ҮАААЖ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде басталған ең ірі инфрақұрылымдық жоба. Оған әлемнің жетекші компаниялары қатысады», — дей келіп А. Мамин «жоба экономика дамуының, мемлекет пен жеке сектордың өзара бірлескен іс әрекетінің сапалы жаңа деңгейін көрсететінін» атап өтті.

Алматы қаласының серпінді дамуы, мегаполис тұрғындары санының артуы көлік инфрақұрылымын одан әрі кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді.

«ҮАААЖ құрылысы өңірдің ғана емес, жалпы Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуының жаңа кезеңін көрсетеді», — деп ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары жобаны 2021 жылы аяқтауды тапсырды.

Алматы облысының әкімі А. Баталовтың хабарлауынша, өңірде инфрақұрылымдық жобаны табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалып жатыр. Автожол құрылысына жергілікті тұрғындардың шамамен 90% пайызын тартып, екі мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.

А. Баталов жергілікті атқарушы билік тарабы ҮАААЖ құрылысын қарқынды жүргізуге барлық көмектері мен қолдауын білдіретінін айтты.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек 2018 жылы ақпанда «Үлкен Алматы айналма  автокөлік жолы» автомобиль жолы құрылысын жүргізу мен пайдалануға беру бойынша «Алсим Аларко – Макйол – СК – Корея Экспрессвэй» консорциумымен келісім жасалғанын атап өтті.

66 шақырымдық Алматы айналма жол жобасы І техникалық категориядағы, алты жолақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Мұнда автокөлік құрылысымен қатар жаңа көпірлер, көлік жол айырықтары, эстакадалар құрылысы жүргізіледі.

Жобаны жүзеге асыру көлік қызметінің сапасын көтереді, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, автокөліктің қоршаған ортаға зиянын азайтады.

А. Мамин өңірге сапары барысында Алматы облысындағы (G4 City) төрт ғарыштық қалалар құрылысы» жобасын жүзеге асыру барысы бойынша кеңес өткізді.

Қазіргі таңда Gate City ғарыштық-қаласында сумен, электрмен, газбен қамту, көлік және коммуникациялық желілер тартылды. «Береке» индустриялық аймағында 12 ірі жобаға 100 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 1500-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Жобаны жүзеге асыру барысында Gate City ғарыш-қаласында алдымен тұрғын үйлер салынады. Тұрғын үйлер құрылысы 2019 жылы басталады.

«Бүгінде қаланың инфрақұрылымы дайын. Оның индустриялық, тұрғын, логистикалық аймақтары игерілуде. Жобаны жүзеге асыруға қажетті барлық қолайлы жағдайлар жасалған», — дей келіп А. Мамин алдағы уақытта жобаға тікелей инвестицияларды тартуды белсенді атқару керектігіне тоқталды.

Сондай-ақ, кеңесте Алматы облысында туризмді дамыту мәселесі талқыланды. Туристік саладағы республикалық картаға 14 басым жоба қосылса, оның жетеуін осы өңірде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысы Қазақстанда туризм саласын дамытуға зор көңіл бөліп отыр», — деп, ҚР Премьер–Министрінің бірінші орынбасары Алматы облысында тау-шаңғысы кластерін дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

МЖӘ негізіндегі ірі инфрақұрылымдық жоба — «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысы басталды
1/3
МЖӘ негізіндегі ірі инфрақұрылымдық жоба — «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысы басталды
2/3
МЖӘ негізіндегі ірі инфрақұрылымдық жоба — «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысы басталды
3/3