Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ЖІӨ өсімі бес айда 3,9% құрады — Тимур Сүлейменов

12 маусым 2018, 10:42
Астана
Фото, бейне: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов пен қаржы министрі Б. Сұлтанов, сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев баяндады.

Ұсынылған есептерге сәйкес, экономикалық процестер экономикалық қызметтің барлық дерлік сегменттерінде өсім көрсетуде. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, осы жылдың алғашқы бес айында ЖІӨ өсімі 3,9% құрады. Экономика өсіміне инвестициялық белсенділік аясында және инфляциялық процестердің баяулауына байланысты қол жеткізілуде.

Инфляция 6,2% деңгейінде белгіленген, бұл соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Табиғи газ өндіру көлемінің 6,5%-ке, шикі мұнайдың 6,4%-ке, темір рудасының 6%-ке артуы есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс 5,6%-ке ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде қағаз және қағаз өнімдері өндірісінің 14,4%-ке, химия өнеркәсібінің 11,2%-ке, темекі өнімдерінің 10,5%-ке, сусындардың 8,1%-ке, азық-түлік өнімдерінің 6,3%-ке өсуінің нәтижесінде 5,5% көлемінде өсім байқалды. Сондай-ақ, машина жасау саласының көрсеткіштері 12,2%-ке артты, жиһаз өндірісі 6,6%-ке ұлғайды. Ауыл шаруашылығының көлемі 3,9% көлемінде оң деңгейде сақталды. Өсім мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 4%-ке тұрақты өсуіне негізделген.

 

«Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар 25,3%-ке ұлғайды. Бұл Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға және Теңіз кен орнында болашақта кеңейту жобасын іске асыруға негізделген», — деп атап өтті Т. Сүлейменов.

Сыртқы сауда айналымы айтарлықтай өсім көрсетті. Биылғы жылдың І тоқсанында көрсеткіштер 24,3% — $21 млрд артты. Экспорт көрсеткіштері 27% арты. Бұл орайда, шикізаттық емес тауарлар экспортының өсімі 11,2% құрады. 

Сонымен қатар еңбек нарығы көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды. Биыл жыл басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. 

Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру туралы экономиканы ұзақ мерзімге несиелендіруді қамтамасыз ету мен ипотекалық несиелендіруді дамыту арқылы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндады. 

«Ұзақ мерзімді несиелендіруді дамыту мақсатында бірқатар келесі шаралар іске асырылады: банктер «7–20–25» бағдарламасы аясында 200 млрд теңгені таяу жылдары алып, оны ипотекалық несиелендіруге бағыттайды. Болашақта бұл сома 1 трлн теңге арттырылып, банктердің ипотекалық портфелінің қазіргі көлемін 2 трлн теңгеге дейін арттырады», — деді Д. Ақышев.

Алғашқы бес айда мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет кірісі — 11%, республикалық  —12%, жергілікті — 7% өсті. Бұған пайдалы қазбалар алудан түсімдер көлемі мен ойын бизнесіне салықтың артуы ықпалын тигізді. Осылайша, мемлекеттік бюджетке жалпы 3290 млрд теңге келіп түсті, оның ішінде республикалық бюджет сомасы — 2334 млрд теңге.

«Жергілікті бюджет табыстары 120 млрд теңге сомасына артығымен орындалып,  957 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 60 млрд теңгені құрады», — деді Б. Сұлтанов.

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, 1 маусымдағы деректерге сүйенсек, 178,6 млрд теңге сомасына келісімшарттар жасалған. Өңірлерге 190,1 млрд теңге бөлінген.

 


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз