Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

АХҚО ашылуы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты қолдайтынын білдіреді — ХҚК

01 шілде 2018, 14:35
Астана
Фото, бейне: priememinister.kz

20 жылдан астам ынтымақтастықта Халықаралық қаржы корпорациясы  (IFC) Қазақстан экономикасына $1,4 млрд астам қаржы инвестициялады, осылайша, қаржы, газ, тау-кен, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларындағы жеке сектордың 60 жобасына қолдау көрсетті. PrimeMinister.kz тілшісі ХҚК вице-президенті Джорджино Бейкермен негізгі жұмыс бағыттары, ірі жобалады іске асыру және АХҚО ашудың маңыздылығы туралы сұхбаттасты.

— ХҚК ынтымақтастық жылдары Қазақстан экономикасына $1,4 млрд. астам қаржы салды. Корпорация қандай аса маңызды жобаларды қаржыландыруға қатысты?

— Мен ХҚК Қазақстанға осындай қомақты қаржы салғанын мақтан тұтамын. Біз қаржы, ауыл шаруашылығы, индустрия тәрізді секторларды қамтыдық. Бұл осындай сектораралық ықпалға қол жеткізу үшін аса маңызды.

— Корпорацияның біздің елге қатысты жуырдағы жоспарлары қандай?

— Біз ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевпен кездесіп, Қазақстанның Қытайға сиыр еті экспортының көлемін алдағы уақытта арттыруға қатысты мал шаруашылығы секторын одан әрі дамытуға ықпал ету туралы мәселе қаралды. Біз мұны экспорт шынымен де қажетті деңгейінде болуы және қажетті стандарттарға сәйкес келуі үшін Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттігі тұрғысынан қарастыратын боламыз. Осыған орай біз аталған секторға халықаралық инвесторларды тартамыз.

Халықаралық қаржы корпорациясы Дүниежүзілік банк тобына кіреді. Қазақстан ХҚК 1993 ж. кірді. Бірлескен жобалар:

2014 — «Қазмикроқаржы»: кәсіпкерлердің ҚР-да шағын несиелерге қолжетімділігін арттыру үшін

2014 — «Суффле Қазақстан»: астық сатып алу, астықты бірінші реттік өңдеу және сату салаларында компания қызметін арттыруға ықпал ету бойынша

2013 — «Сбербанк Казахстан»: ШОБ несиелендіруді арттыру үшін

2013 — «Исткомтранс»: теміржол паркін және компания қызметін кеңейтуге ықпал ету үшін

2012–2014 — «Арнұр»: валюталық тәуекелдерді басқару үшін шағын қаржыландыру және валюта айырбастау бойынша қызметтерді арттыру

2012 — Fawaz Abdulaziz Alhokair: ҚР-да Сауд Арабиясының  компания-ритейлерін кеңейтуді қаржыландыру үшін

2011 — Archimedes Health Developments: ҚР және Грузияда денсаулықты сақтандыру қызметтерін кеңейту үшін.

— Қазақстанда соңғы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік табысты дамып келеді. Бұл ХҚК ынтымақтастықтың артуына ықпалын тигізе ме?

— ХҚК-ның МЖӘ жобаларындағы рөлі туралы айтқанда, ҮАААЖ (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) салу бойынша қаржы келісімін атап өткен жөн. Бұл жобаны іске қосу біз үшін аса маңызды қадам болды. Енді біз біздің МЖӘ жобаларына қатысуымызды арттыруды және бұдан әрі халықаралық қаржыландыруды мұндай механизмдерге инфрақұрылымды дамыту мүмкін болатындай тартуды жоспарлап отырмыз.

— Қазір Қазақстанда Н:Назарбаевтың бастамасы бойынша Индустрия 4.0-ге көшу іске асырылып жатыр. Экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұған ХҚК қатыса ма, қандай бағыттарда қатысады?

— Біз, әрине, өз күш-жігерімізді қазақстандық экономиканы Президент белгілеген жолдармен қолдауға бағыттайтын боламыз. Көбірек табыс беретін, әлеуеті зор секторларға инвестиция салатын боламыз.

— Сіздің ойыңызша, АХҚО ашылуы ынтымақтастықтың жандануына ықпалын тигізе ме және осыған байланысты қандай болжамдар айта аласыз?

— Бұл әбден мүмкін. Қаржы орталығының ашылуы Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты қолдайтынын білдіреді. Қаржы орталығы – бұл алға басқан үлкен қадам. Біз осы орталықтың ашылуына орай экономиканың қалай дамитынын көргіміз келеді. ХҚК АХҚО қолдауға әзір, бұл экономика үшін маңызды. Сондықтан бұл орталықтың ашылуы – Қазақстан үшін үлкен қадам деп білемін.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз