Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Астанада Kazakh Invest және БАӘ Шетелдік инвесторлар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды

09 шілде 2018, 17:57

Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable-2018 аясында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері БАӘ Шетелдік инвесторлар қауымдастығының бас хатшысы Джамаль Саиф Әл Джарван бастаған араб кәсіпкерлері делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан экономикасының басым салаларында араб бизнесінің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру мен ынтымақтастық келешегі талқыланды.

«Сіздің ел БАӘ үшін Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктес болды және болып қала береді және біз Қазақстан экономикасының дамуы мен араб бизнесі үшін ашылатын перспективаларға аса көңіл бөлеміз», — деп атап өтті кездесу барысында БАӘ делегациясының басшысы Джамаль Саиф Әл Джарван мырза.

Тараптар жұмыстағы бірлескен бизнес-жобалар жөнінде пікір алмасты. Қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау және туризм секілді экономиканың басым салаларындағы перспективалы жобалармен таныстырды.

Өз кезегінде, Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан ел аумағында жұмыс істейтін халықаралық инвесторларға қатысты ашықтық, қорғау және толық сүйемелдеу қағидаттарын ұстанатынын айтып өтті.

«Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы сіздің елдің Қазақстандағы бизнесі үшін үлкен бірегей мүмкіндіктер ашады. Біз тұрақты негізде БАӘ келген компанияларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз», — деп мәлімдеді С. Тұяқбаев.

Қорытындылай келе, тараптар «Kazakh Invest» ҰК мен БАӘ Шетелдік инвесторлар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз