Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Егін жинау науқынының аяқталу мерзімі мен астық сапасы: ҚР АШМ журналистердің сұрақтарына жауап берді

18 қыркүйек 2018, 13:20
Фото: primeminister.kz

Егіс науқаны басталғаннан бері егін егуші өңірлерде орын алып тұрған жаңбырлы әрі дымқыл ауа-райына байланысты агрономдарда биылғы астықтың сапасы нашар болып қала ма деген қауіп болды. Дегенмен, бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев журналистерге астықтың сапалық параметрлері жақсы екенін жеткізді.  

Арман Евниевтің айтуынша, егіс науқаны уақытындағы қолайсыз ауа-райы жағдайларына қарамастан, егін жинау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Бүгінде тәулігіне орташа қарқын 800 000 га құрап отыр. Алдағы күндері жауын-шашын жаумаса, қалған 6 млн га-ға шамамен 10 күндік жұмыс қажет. Өткен жылмен салыстырғанда 3 млн га-ға жуық кешіктірілген. 1 қазанға дейін жұмыстарды аяқтау мүмкіндігі бар. Қандай да бір нөсер-жауын жауса, жиын-терім жұмыстары қазан айының алғашқы он күнінде аяқталады», — деді А. Евниев.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі бұл кезеңде қатқақ егін жинау науқанына теріс әсерін тигізбейді деп сендірді.

«Жаңбыр түріндегі жауын-шашын болмаса, бұл кезеңде үскірік ауа-райынан қорқудың еш себебі жоқ, өйткені астық қалпына келтірілген», — деп А. Евниев, астық сапасы жақсы екенін атап өтті.

Вице-министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа жылдан кейін астық бағасы өсетінін, бұл оны қымбат бағамен сатуға жол ашатынын айтты.

«Біз тек ұсынып, ақпарат бере аламыз – ол ашық ақпарат көздерінде бар. Әлемдік астық нарықтарында не болып жатқанын қарау керек. Жиын-терім кезінде, күнтізбелік жылдың соңына дейін бағалар төмендеп, жаңа жылдан кейін бағалардың өсетіні байқалатын жыл сайынғы үрдіс бар. Сондықтан да мұндағы қисынды тәсіл – бірінші кезектегі қажеттіліктерді жабуға қажетті көлемді сатып, негізгі сатылымды кейінге қалдыру қажет. Осындай ұсыныстар айтамыз», — деді А. Евниев.

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрінің айтуынша, екінші жағынан, бүгінде бағалар конъюктурасы қолайлы деңгейде.

«Көптеген елдерде егін өнімділігі төмен жағдайда. Біздің көршіміз – Ресей Федерациясы да, еуропалық астық өндірушілер де жалпы егін жинау бағытында биыл жақсы көрсеткіштерге қол жеткізбеді», — деп Арман Евниев, отандық ауыл шаруашылығы өнімін сатуда үлкен әлеуеттің бар екенін айтты.