Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

М. Пішембаев VI Машина жасаушылар форумының күн тәртібі туралы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканы технологиялық жаңғырту 

20 қыркүйек 2018, 11:10
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қазақстан машина жасаушыларының VI форумының мақсаттары мен міндеттері туралы «Қазақстан машина жасаушылары одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев айтып берді.

Бүгін Астана қаласында VI Қазақстан машина жасаушылары форумы басталды. Форумның тақырыбы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері».

Мейрам Пішембаев Форум жұмысына АҚШ, Германия, Италия, Ресей, Түркия, ҚХР және т.б. секілді әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысатынын атап өтті.

«Форум қатысушылары жылдан жылға сандық әрі сапалық жағынан артып келеді. Қазақстан машина жасаушыларының жыл сайынғы форумы машина жасаушылар саласының маңызды ойыншылары қатысатын бірегей алаң ретінде танылды. Форум жалпы бизнес қауымдастық үшін және жекелей алғанда машина жасау индустриясы үшін үлкен мәнге ие және едәуір пайда әкелетіні сөзсіз», — деді М. Пішембаев.

БАҚ сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Индустрия 4.0 элементтерін енгізу туралы айтып берді.

«Төртінші өнеркәсіптік революцияның дамуын әрбір қазақстандық сезіне алады. Бүгінде осыған дейін таңғажайып ретінде саналған идеялар шындыққа айналуда. Бұл – автопилоттар, комбайнерсіз астық жинайтын пилотсыз комбайндар, ақылды үйлер, жасанды зерде», — деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, төртінші өнеркәсіптік революцияның кезекті белгілері — роботтандыру, автоматтандыру, цифрландыру, заттар интернеті, жаңа композитті материалдар жасау. Машина жасау саласы трендте болуы тиіс.

«Әсіресе төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканың, соның ішінде, машина жасау саласының, бәсекеге қабілетті өнімді шығарудың, еңбек өнімділігін арттыру мен жаңа аддитивті технологияларды енгізудің технологиялық жаңғыруы біз үшін өте маңызды. Осы мәселелердің барлығы Машина жасаушылар форумында кеңінен талқыланбақ», — деді М. Пішембаев.

Сонымен қатар, ол машина жасау саласында бір жұмыс орны ашылғанның өзінде, оған іргелес өнеркәсіп салаларында он шақты жұмыс орны ашылатынын, осылайша кадрлардың біліктілігі артып, күрделі техниканы шығару көлемі ұлғайып, экспортқа бағдарлана бастайтынын атап өтті.

Форум аясында шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру, технологиялар трансферті туралы меморандумдарға қол қойылады. Сонымен қатар, қатысушылар отандық машина жасауды одан әрі дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасайды.

Форумның басты ерекшеліктерінің бірі — Форум аясында Қазақстанның машина жасау саласын дамытудың 2019–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы таныстырылады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық жоспары болады.

Кешенді жоспардың мақсаты — отандық машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі нарықты Қазақстанда шығарылған өнімдермен қамтамасыз ету, экспорт деңгейін ұлғайту. Кешенді жоспар жаңа сапалық деңгейге көшуді – негізгі өндірісті жаңғыртуды көздейді. Қолдау тұрғысынан жоспарда қаржылық емес, қаржылық, оның ішінде қолдаудың қазыналық шаралары қарастырылған. Табысқа жетіп, тиімділікті арттыруға, технологиялық жаңартуға қаражат салуға, бәсекелі өнімдер шығаруға және жаһандық нарыққа шығуға мүдделі машина жасау кәсіпорындарына жан-жақты қолдау көрсетіледі.

М. Пішембаев VI Машина жасаушылар форумының күн тәртібі туралы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканы технологиялық жаңғырту 
1/6
М. Пішембаев VI Машина жасаушылар форумының күн тәртібі туралы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканы технологиялық жаңғырту 
2/6
М. Пішембаев VI Машина жасаушылар форумының күн тәртібі туралы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканы технологиялық жаңғырту 
3/6
М. Пішембаев VI Машина жасаушылар форумының күн тәртібі туралы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканы технологиялық жаңғырту 
4/6
М. Пішембаев VI Машина жасаушылар форумының күн тәртібі туралы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканы технологиялық жаңғырту 
5/6
М. Пішембаев VI Машина жасаушылар форумының күн тәртібі туралы — Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында экономиканы технологиялық жаңғырту 
6/6