Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

26 қыркүйек 2018, 16:01
Фото, бейне: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың халыққа Жолдауларында, «Ұлт жоспарында», «Бес әлеуметтік бастамасында», сондай-ақ, Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында, Қауіпсіздік кеңесінің отырысында, Парламент сессиясының ашылуында және өңірлерге сапарлар кезінде берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың Президент тапсырмаларын орындау аясындағы жұмыстары жан-жақты талқыланып, талданды. Премьер-Министрдің орынбасарларының, министрлер мен облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев экономикалық және әлеуметтік салалар жөнінде сөз сөйлей отырып, ҚР Президентінің экономикалық өсімді кем дегенде 4% деңгейінде қамтамасыз ету, өнеркәсіп, құрылыс салаларын, экспортты дамыту, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру туралы берген тапсырмаларын іске асыру барысы жайында баяндады. Білім беру, медициналық қызметтерді ұсыну, өнімді жұмыспен қамту сапасын одан әрі арттыру, экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту және жекешелендіру, кәсіпкерлікті дамытуға тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Премьер-Министрдің орынбасары Ө. Шөкеевтің баяндамасында агроөнеркәсіп кешені, жер мәселелері, ауылды жерлерде халықты өнімді жұмыспен қамту, сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтау мәселелері аталып өтті. Атап айтқанда, 2018 ж. жер қорына талдау жүргізу, ІҚМ етін өндіру, өңдеу және экспорттау, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту жағдайы талқыланды.

Премьер-Министрдің орынбасары А. Жұмағалиев өз баяндамасында экономика салаларын цифрландыру мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөніндегі өзекті мәселелерді шешу жолдары мен қазіргі жағдаймен таныстырды.

Кеңес қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев министрлер мен әкімдерге өңдеу секторындағы еңбек өнімділігінің өсімін арттыруды, индустрияландыру, инвестициялық жобаларды іске асыру, ноу-хау трансферіне арналған біліктілік орталықтарын құруға бағдарланған «Ұлттық чемпиондар» бастамасы аясында мемлекеттік қолдаудың барлық шараларына егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырды.

Мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарының санын қысқарту, шағын несие беруге және арендалық, несиелік тұрғын үйлерді салуға бөлінген қаражаттарды уақытылы игеру есебінен жекешелендіру процесін жандандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Мектептерде, ЖОО-лар мен колледждерде мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттерге жатақханалар салу, апатты және үш ауысымды мектептердің санын қысқарту жөніндегі нақты жүйелік шараларды қабылдау мәселелеріне баса ден қойылды.

Бірінші басшыларға Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысын үнемі бақылауда ұстап, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету міндеттері тапсырылды.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
1/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
2/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
3/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
4/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
5/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
6/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
7/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
8/9
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
9/9