Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қаржыландыру және кепілдендірілген өткізу нарығы: ҚР АШМ елорданың азық-түлік белдеуі қатысушысының артықшылықтары туралы айтты

06 қараша 2018, 17:00
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысында жаңа міндеттер мен индикаторларды енгізумен Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі өзектілендірілген жол картасының жобасы мақұлданды. Атап айтқанда, жаңа тәсілдердің бірі — «Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы» түсінігін енгізу. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтып берді.

 

А. Евниевтің айтуынша, Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасы 2 жыл мерзімге 2017 жылғы қазанда бекітілді.

«Осы екі жылдың негізгі шаралары мен міндеттері іске асырылды. Бұл Ақмола облысы және Қарағанды облысының төрт ауданы. Бұл бордақылау алаңдарын, сүт фермаларын, мал сою бекеттері, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктеліміне қатысты болды. Аталған индикаторлар негізінен орындалды. Жылдың соңы тақап қалғандықтан, картаны өзектілендіріп, Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы түсінігін енгізу туралы шешім қабылданды», — деді А. Евниев.

Оның айтуынша, Қазақстанның кез келген өңірінен кез келген өнім өндіруші азық-түлік белдеуінің қатысушысы бола алады.

«Арнайы өнім әзірленеді. Егер оның "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесі болса, онда оған қаржыландыру кезінде басымдық беріледі. Бұл үлкен артықшылық және қаржы алудың жақсы мүмкіндігімен қоса, кепілдендірілген өткізу нарығы да болады. Тек өз міндеттерін атқарса болғаны», — деді ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

Бұдан өзге, А. Евниев Жол картасы міндеттерінің бірі — нарықты тиісті емес өнімнен қорғау бойынша қосымша шараларды орындау екенін атап өтті.

Оның айтуынша, нарықты сапасыз өнімдерден қорғау мәселесі бірнеше мемлекеттік органдардың серіктестігі мен өзара әрекеті арқылы шешіледі. Бұл серіктестік келісімдеріне қайшы келетін техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін контрафактілік өнімдерден қорғауға бағытталған. Сондай-ақ, бұл — халыққа табиғи әрі пайдалы тамақтанудың нормалары мен ережелерін түсіндірудің жолы.

«Халқымыз 5-7 күн ішінде табиғи және азықтық сапасы бұзылмаған, түрлі өндеуден өтпеген табиғи сүтті басқа елдерден импорттау мүмкін еместігін түсінуі керек. Осыған байланысты, табиғи әрі сапалы азық-түлік өнімдерін қолданғысы келетіндер отандық өнімге бет бұруы тиіс. Бұл ең алдымен, сүт және сүт өнімдері, сонымен қатар көкөністер мен жемістерге қатысты», — деді А. Евниев.

Тұтастай алғанда, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі биыл тамақ өнімдерінің барлық бағытында өндірістің өскенін атап өтті.

«Бүгінде нарықта жеміс, көкөніс пен жылыжай өнімдерінің өндірісінің ұлғайғаны байқалады. Біз халықты қорғап, жоғары сапалы өнімдерді жеткізе алатынымызға толық сенімдіміз», — деп түйіндеді А. Евниев.

Қаржыландыру және кепілдендірілген өткізу нарығы: ҚР АШМ елорданың азық-түлік белдеуі қатысушысының артықшылықтары туралы айтты
1/4
Қаржыландыру және кепілдендірілген өткізу нарығы: ҚР АШМ елорданың азық-түлік белдеуі қатысушысының артықшылықтары туралы айтты
2/4
Қаржыландыру және кепілдендірілген өткізу нарығы: ҚР АШМ елорданың азық-түлік белдеуі қатысушысының артықшылықтары туралы айтты
3/4
Қаржыландыру және кепілдендірілген өткізу нарығы: ҚР АШМ елорданың азық-түлік белдеуі қатысушысының артықшылықтары туралы айтты
4/4