Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев «Росатом» бас директоры А. Лихачевпен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады

08 қараша 2018, 13:42
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.  

Кездесу барысында корпорациямен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, уран өндіру және байыту, жел энергетикасы, атом саласының техникалық базасын жаңарту және түрлі инновациялық өнімдерді өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК мен «Росатом» МК арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей – Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы аясында өзара іс-қимыл жүзеге асырылып жатыр. Бұдан өзге, «Росатоммен» ынтымақтастық «Үлбі металлургия зауыты» АҚ жұмысы және Қазақстан аумағында атом электр станциясының нысандары бойынша бірлескен шараларды атқару аясында іске асырылуда.

«Росатом» мемлекеттік корпорациясы 2007 жылғы желтоқсанда құрылған, Ресей Федерациясының жетекші көпбейінді өнеркәсіптік холдингтерінің қатарына кіреді. «Росатом» стратегиясы жел энергетикасын қоса алғанда, таза энергия шығару жобаларын дамытуды көздейді.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз