Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев АӨК қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

09 қараша 2018, 17:00
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында ауыл шаруашылығы саласын қаржылық қолдау моделін жетілдіру мәселелері талқыланды. Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев, сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» басқарма төрағасы Р. Құрманов негізгі бағыттар бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мәселені талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ҚР қаржы министрі Ә. Смайылов, «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы, «ҚазАгро» ҰБХ директорлар кеңесінің мүшесі Б. Жәмішев қатысты.   


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз