Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың бірыңғай есеп айырысу орталығындағы түбіртектерінде уақытша өтем тарифі болады — ҚР ҰЭМ

13 қараша 2018, 12:54
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тұтынушыларға коммуналдық қызметтер бойынша артық төленген қаражатты өтеу мәселесін түсіндіріп өтті.

«Біз 10 табиғи монополиялар субъектілерінің жылумен қамтамасыз ету саласында 4,4 млрд теңге сомасына тарифтерді төмендету бойынша жұмыстар атқардық. Бұл – Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары. Қазіргі уақытта тарифтер төмендетілген. Өтемдік тариф енгізілген», — деді министр.

Бұдан өзге, 14 монополист бойынша 12,1 млрд теңге сомасына электр энергиясын беру және қамтамасыз ету қызметтеріне қатысты ұқсас шешімдер қабылданды. Бұл — республикалық маңызы бар қалалар, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары.

«Бұл өңірлер бойынша шешімдер қабылданып, өтемдік тариф енгізілді, тұтынушыларға қайтару жұмыстары жүргізілуде», — деді Тимур Сүлейменов.

Тұтынушыға артық төлеуіне немесе монополистердің болжанбаған үнемдеуі үшін ақша қайтару рәсімі туралы айтқан ұлттық экономика министрі бұндай тәжірибе осыған дейін де болғанын атап өтті.

«Бұндай жағдай бізде әрдайым орын алады. Бізде монополист күтпеген табыс алып, кейінірек оны қайтармаған жағдай болмады. Стандартты түрде, тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау қорытындысы бойынша, егер біз қателерді, артық төлемдерді, орындалмауды, бұзушылықтарды анықтасақ, онда біз келесі кезеңге жинақталған сомаға уақытша өтемдік тариф енгіземіз. Осылайша, шартты түрде, егер базалық тариф 15 тг болса, онда өткен кезеңде монополистің жасаған бұзушылықтары 3 тг құрады, ал базалық тариф 3 тг азаяды. Келесі 12 айға тариф 12 тг деңгейінде белгіленеді. Бұл тәжірибе әрдайым болған. Біз оны белсенді түрде қолданамыз», — деді министр.

ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, Монополияға қарсы комитет 2017 жылдың қорытындысы бойынша түрлі монополистерге уақытша 17 млрд тг сомасына өтемдік тариф енгізді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша аталған сома шамамен 4 млрд тг, 2016 жылы — шамамен 6 млрд тг құрады.  

Министрдің айтуынша, ақшаларды қайтару әрдайым болатын және алдағы уақытта да жалғасатын болады. Сонымен қатар, уақытша өтемдік тариф барлық азаматтар үшін түсінікті болуы керек. Ол үшін Бірыңғай есеп айырысу орталығының түбіртегіне жаңа бағананы қосу ұсынылады.

«Біз мұны Монополияға қарсы органның және монополистің шешімі деңгейінде ғана түсінікті болғанын қаламаймыз. Бірыңғай есеп айырысу орталығынан алатын түбіртектерде "Электр энергиясының құны", "Пайдаланылған киловатт саны" және "Төлейтін сома" деп жазылғандай, "Жалпы сома", "Жеңілдік" және "Төлейтін сома" көрсетіліп тұрғаны жөн. Уақытша өтемдік тарифті қосқан кезде, оны барлығына түсінікті етіп көрсеткіміз келеді», — деп түсіндірді министр.

Нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер жасалып жатыр. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, уақытша өтемдік тариф БЕАО түбіртегіне сомадан шегерілген түрінде енгізіледі және тұтынушыларға көрініп тұрады.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың бірыңғай есеп айырысу орталығындағы түбіртектерінде уақытша өтем тарифі болады — ҚР ҰЭМ
1/4
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың бірыңғай есеп айырысу орталығындағы түбіртектерінде уақытша өтем тарифі болады — ҚР ҰЭМ
2/4
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың бірыңғай есеп айырысу орталығындағы түбіртектерінде уақытша өтем тарифі болады — ҚР ҰЭМ
3/4
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылардың бірыңғай есеп айырысу орталығындағы түбіртектерінде уақытша өтем тарифі болады — ҚР ҰЭМ
4/4