Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Құрылыс саласының технологиялық циклін цифрландыру тұрғын үй сапасын арттыруға мүмкіндік береді — Қ. Өскенбаев

17 қаңтар 2019, 13:21
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде салынып жатқан тұрғын үй сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, дайын тұрғын үйді мемлекеттік қабылдау рәсімін жетілдіру туралы сөз болды.

Ең алдымен Қ. Өскенбаев мемлекеттік қабылдау рәсімін түсіндіруге тоқталды.

«Мемқабылдау дегеніміз – бұл әкімдікте әр түрлі 20-ға жуық қызметтерден құралған «жүгіру» шарасы. Содан кейін адамдар оған қол қойдыру үшін жүгіреді. Сол жүгіріп жүрген адамдар құрылыста ешқашан болмаған және оның сапасына жауап береді деп айту қиын. Сондықтан біз құрылымды өзгерттік. Сапа үшін кім жауап береді? Бірінші кезекте – техникалық тапсырма берген Тапсырыс беруші; екінші – жобалаушы; үшінші – құрылысшы; төртінші – техникалық қадағалау; бесінші – МСҚБ (мемлекеттік сәулет — құрылыс бақылауы), ол мемлекет тарапынан құрылыс барысын бақылауды жүзеге асырады», — деді вице-министр.

Спикердің айтуынша, енді бес мекеме құрылыс сапасына тікелей жауап береді. Осыған байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осылайша, кімде-кім қандай да бір сатыда қате жіберген болса, оған жеке өзі жауапты болуы тиіс.

Мемлекет басшысының Астана үлгісінде қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР ИИДМ-нің үш нысанында барлық құрылыс саласының технологиялық циклін цифрландыру жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда бұл бағдарламалық өнім 90%-ға дайын.

Қ. Өскенбаев бұрын қабылдау процесі қағаз түрінде өткенін атап өтті. Тапсырыс беруші құрылыс компаниясына жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынатын ол, вице-министрдің айтуынша, үлкен талмуд болатын. Құрылыс компаниясында техбақылау, прорабтар құрылыс жұмыстарының журналын жүргізеді. Барлығы қағаз нұсқасында жасалады, кейін құрылыстың соңында олар қатталып басылып тапсырылады.

«Енді блокчейн жүйесінде: еліміздің барлық құрылыстары электрондық порталда болады. Құрылыс салғысы келетіндер ресми түрде порталға жобалық-сметалық құжаттаманы жүктеуі тиіс. Техқадағалау, прорабтар және іске қосылғандардың барлығы электрондық кілттерді алады. Барлық мүдделі тараптар объектіде қандай құрылыс техникасы жұмыс істейтінін, технология бойынша қандай шешім қабылдайтынын, қандай құрылыс материалдарын пайдаланатынын көреді. Егер ескертулер болса, ол электрондық форматта жазылып отырады. Бұл жүйеге біз қажетті барлық мемлекеттік қызметтерді қосатын боламыз. Бүкіл ел осы құрылыс жұмыстары  қалай жүріп жатқаны туралы нақты режимде біліп отырады», — деді Қ. Өскенбаев.

Сонымен қатар, азаматтардың деректер порталына қолжетімділігі туралы сұраққа жауап бере отырып, вице-министр үлестік құрылысқа қатысушылар құрылыстың барлық сатыларында сапасын бағалай алатынын атап өтті.

«Үлестік құрылысқа қатысы барлар үшін қолжетімді болуы керек. Ол құрылыстың барысын, қандай сатыда және қандай сапада жүріп жатқанын көруі тиіс. Қазір біз жобаны Астананың үш нысанында пилоттық режимде іске асырып жатырмыз. Биылдан қалдырмай өнеркәсіптік пайдалануға енгіземіз. Осы жылдан бастап еліміздің барлық құрылыстарына таныстыруға тырысамыз», — деп түйіндеді сөзін спикер.

Құрылыс саласының технологиялық циклін цифрландыру тұрғын үй сапасын арттыруға мүмкіндік береді — Қ. Өскенбаев
1/2
Құрылыс саласының технологиялық циклін цифрландыру тұрғын үй сапасын арттыруға мүмкіндік береді — Қ. Өскенбаев
2/2