Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді

21 қаңтар 2019, 16:07
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Палата президенті, «КАТКО» ЖШС бас директоры Жерар Фриес бастаған «Франция–Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инвестициялар, ауыл шаруашылығы, энергетика және цифрландыру салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, Қазақстан–Франция қарым-қатынасын одан әрі кеңейтуге қатысты бірлескен жұмыстардың жоспары қаралды.  

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2018 жылғы қаңтар–қараша аралығында $4 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ($3,1 млрд) 27,3%-ға жоғары. Қазақстаннан Францияға экспорт 2018 жылғы қаңтар–қараша айларында 27,7% өсіп, $3,4 млрд құрады.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз