Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Р. Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22 қаңтар 2019, 13:31
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді.

Егер өткен жылдары Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алуларды әзірлеудегі жұмысы рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын күшейтуге бағытталған болса, бүгінде бұл міндет орындалды. Вице-министрдің айтуынша, Министрліктің мемлекеттік сатып алуларды әзірлеу жөніндегі ағымдағы жұмысы сапалы әрі әділ амалға негізделген.

«Мемлекеттік сатып алулар бойынша рәсімдердің 100% электронды форматқа көшірілген және сәйкесінше, сапаға үлкен назар аудару қажет деп есептейміз. Демпингке шекті белгілеу арқылы біз бағаның қандай болу керектігін жақсы түсінетін компаниялар сатып алуларға қатысатынын анықтаймыз. Сондай-ақ, құрылыста шартты түрде төмендеу 10%-дан төмен болмауы сапаға кепіл болады», — деп мәлімдеді Р. Бекетаев.

Сонымен бірге, заң жобасында іріктеудің негізгі критерийі — жұмыс тәжірибесі болатыны анықталған. Компаниялар жұмыс тәжірибесі бойынша бәсекеге түседі және шартты баға осы негізде анықталады.

«Шартты баға көп жағдайда жеңімпазды анықтайтын болады. Алайда, егер демпингті орнатсақ, онда бәрі 10%-ға төмендеген жағдайды көреміз және жеңімпазды анықтай алмаймыз, сәйкесінше, мұнда анықтаушы фактор салықтарды төлеу болады. Біздің идеологиямыз мынандай – кім салық төлесе, сол мемлекеттік сатып алуларға қатысуы тиіс, және, тиісінше, кім көбірек төлейтін болса, сол жеңуі керек, себебі біз тәжірибесі жоқ және салық төлемейтін компаниялар, бағаны арзандатып, жеңіп кетіп жатқан жағдайларды жиі байқаймыз. Бұдан кейін олар нысанды соңына дейін аяқтай алмайды, өйткені қаржы дұрыс игерілмейді немесе өз міндеттерін сапалы орындай алмайды», — деп түсіндірді Р. Бекетаев.

Бұдан өзге, мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру аясында, Сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушылары үшін республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде Қаржы министрлігі тиісті тауарлар тізімін бекітті. Қаржы министрлігінің бұйрығы 2019 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енеді.

«Біріншіден, мемлекеттік сатып алуларға мектептер, ауруханалар, әлеуметтік нысандар секілді негізгі қызметі оқытуға және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік мекемелер қатысады. Аталған түзетудің идеологиясы – басқа мәселелермен айналысуға тиісті мемлекеттік мекемелерді өздеріне тән емес функциялардан босату. Екіншіден, орталықтандыру оңтайлы сатып алуға мүмкіндік береді», — деді Р. Бекетаев.

Мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу саласын жетілдіру мақсатында 2018 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.

Р. Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек
1/3
Р. Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек
2/3
Р. Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек
3/3