Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Б. Сағынтаев Президенттің Жастар жылы бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

25 қаңтар 2019, 12:48
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен биыл 23 қаңтарда Жастар жылының ресми ашылу салтанатында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында жастардың әлеуетін дамытып, іске асыруға, қоғамдық өмірдің барлық салаларында олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға жағдай жасауға бағытталған Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасының жобасы қаралды.

ҚР қоғамдық даму министрлігінің қазақстандық жастардың қолжетімді әрі сапалы білім алуға, еңбекпен қамтылуына, тұрғын үйге деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған ұтымды құралдар, сондай-ақ, жас отбасыларды қолдау шаралары жөніндегі тәсілдері ұсынылды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз