Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Үкімет үйінде азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды

08 ақпан 2019, 16:26
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде қоғамдық қауіпсіздікті және құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын одан әрі қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында қоғамдық тәртіпті сақтау саласының қазіргі жағдайы және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қаралды. Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ұрлықтарға қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық зомбылықтың және кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс істеушіліктің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұдан өзге, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу қызметіне цифрландыруды енгізуге көңіл бөлінді.

Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тиісті мемлекеттік органдарға қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін шұғыл шешуге мүмкіндік беретін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.  


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз