Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бюджет кірісіне 1,7 млрд теңге өтелді — А. Ахметов мемлекеттік аудиттің 2018 жылдағы нәтижелері туралы

15 наурыз 2019, 12:23
Фото: primeminister.kz

Президенттің бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау аясында мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Азамат Ахметов айтып берді.

А. Ахметовтың айтуынша, Қазақстанда шексіз тексерістерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік аудит нысандарының тізімі әзірленген. Барлық аудиторлық тексерістер тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген және бұзушылықтарды ғана емес, сондай-ақ олардың пайда болу себептерін де анықтауға бағытталған.  

«Аудиттің енгізілуімен 2015 жылмен салыстырғанда жоспарлы тексерістер бірнеше есе, атап айтқанда, 10 есе азайды. Бұл орайда, тексерістердің дәлме-дәлдігі едәуір тиімділік береді, яғни, анықталған заң бұзушылықтардың үлес салмағы бір жарым есеге дерлік өсті. Егер нәтижелілігіне қарасақ, 2015 жылы ол 30% құрады, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 42%-ға дейін өсті», — деді А. Ахметов.

Комитет төрағасы атап өткендей, елдердің басым бөлігінде мемлекеттік аудитор бақылаушы ғана емес, консультант — бюджет ресурстарын басқаруды жетілдіру үрдісінің белсенді қатысушысы.

«Егер ревизордың алдында аудит нысандарын анықтап, жазалау қажеттігі мәселесі туындаса, мемлекеттік аудитордың алдында нысан басшылығына бюджет қаражатын басқару тиімділігін жетілдіру бойынша пәрменді ұсыныстар беру үшін жағдайды талдап, бағалап, осы заң бұзушылықтардың себептерін табу міндеттері тұрады», — деді А. Ахметов.

Мәселен, өткен жылы қабылданған шаралар арқылы 193 млрд теңге көлеміндегі жойылуы тиіс бұзушылықтардың жалпы сомасынан 185 млрд теңге сомасына бұзушылықтар жойылды. Атап айтқанда, бюджет кірісіне 1,7 млрд теңге қайтарылды, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 15%-ға артық. 88 млрд теңгеге есепке алу қателіктері жойылды. 50 млрд теңгеге бюджеттік ассигнациялау кері шақырылды, 19 млрд теңгеге жұмыс тауарларын жеткізу толықтырылды.

Бұдан өзге, анықталған бұзушылықтардың себептерін жою және аудит қызметінің тиімділігін арттыру үшін 2,5 мың ұсыныс енгізілді. Жауапкершілікке келсек, өткен жылы жалпы сомасы 130 млн теңгеге 2,6 мыңға жуық лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, мыңға жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

700-ден астам материал процессуалдық заң бұзушылықтарды қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.  

Еске салайық, озық әлемдік тәжірибе негізінде кешенді мемлекеттік аудит жүйесін құру мақсатында 2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен халықаралық стандартты ескерумен мемлекеттік аудитті енгізу бойынша тұжырымдама әзірленіп, бекітілді. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында 2015 жылы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң қабылданды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз