Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Вице-премьер Ж. Қасымбек СҚО-ға барды: көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқыны кезеңіне дайындық

21 наурыз 2019, 16:11
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бүгін, 21 наурызда, жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Жұмыс сапары аясында негізгі су тораптары мен су қоймаларын тексеру арқылы облыстың көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқыны кезеңіне дайындығын зерделеу көзделген.

Агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралау, өңірдің кәсіпкерлерімен және инвесторлармен кездесу өткізу жоспарланған.

«Қарапайым заттар экономикасы» мәселелері жөнінде кеңес өткізіледі, оның жұмысына мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының, екінші деңгейлі банктердің, өңір ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері қатысады.

«Қарапайым заттар экономикасын» дамытудың мақсаты — қазақстандықтар күнделікті қолданатын өнеркәсіптік тауарлар мен тұтынатын азық-түлік өнімдерін шығару, әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларының өсуіне жол бермеу және олардың импортын алмастыру.  

Солтүстік Қазақстан облысының аумағы — 98 мың км2, халқының саны биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша — 554,5 мың адам, оның ішінде қала халқы – 251,8 мың (тұрғындардың 45,4%). Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 35,6 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі — 2018 жылғы деңгейдің 101,6%-ы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16,8 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі — 2018 жылғы деңгейдің 102,7%-ы. Негізгі капиталға инвестициялар 18,8 млрд теңгені немесе 2018 жылғы деңгейдің 112,9% құрады.
Вице-премьер Ж. Қасымбек СҚО-ға барды: көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқыны кезеңіне дайындық
1/4
Вице-премьер Ж. Қасымбек СҚО-ға барды: көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқыны кезеңіне дайындық
2/4
Вице-премьер Ж. Қасымбек СҚО-ға барды: көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқыны кезеңіне дайындық
3/4
Вице-премьер Ж. Қасымбек СҚО-ға барды: көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқыны кезеңіне дайындық
4/4