Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Алдын ала құлақтандыру нәтижесін берді: ҚР ІІМ тұрғындардың су тасқыны кезеңіне әзірлік белсенділігінің артқанын атап өтті

25 сәуір 2019, 11:52
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин ғылыми мекемелермен су тасқыны жағдайларының алдын алу бойынша кешенді шараларды әзірлеуге қатысты жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстар туралы айтып берді.

Ю. Ильин атап өткендей, 2017 жылдан бастап «2017–2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жоюдың кешенді шаралары» Жол картасы іске асырылуда. Жалпы, Жол картасын іске асыру су тасқыны жағдайларының алдын алады — елді мекендерде дайындық жүргізудің арқасында елді мекендер мен тұрғын жайлардың су астында қалуына жол берілмеді.    

Алайда, ҚР ішкі істер министрінің орынбасарының сөзінше, аталмыш Жол картасын іске асыру мерзіміне ерекше назар аударуы тиіс өңірлер бар. Атап айтқанда, жағдайды уақытылы бағалау үшін Қазгидромет бекеттері жоқ шалғайдағы елді мекендерге ҚР ІІМ қажетті техниканы, оның ішінде авиациялық техниканы береді.

«Қазсушар, Қазгидромет, ТЖ комитеті бөлімшелерінің жұмыстары аса айқын болуы тиіс, бұл бізге су тасқыны астында немесе басқа да төтенше жағдайларда қалуы мүмкін учаскелер мен аудандарды нақтылауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ю. Ильин.  

Сонымен қоса, министрдің орынбасары жыл сайын су тасқыны қауіпсіздігін сақтау мәселесінде тұрғындардың белсендігі артып келе жатқаны байқалып отырғанын жеткізді.

«Біздің бөлімшелердің төтенше жағдай аумағында қалуы мүмкін халықты алдын ала құлақтандыру бойынша жүргізген жұмыстары өз нәтижелерін берді. Өйткені адамдардың көбі нақты қатерді сезініп, өз баспанасын болуы мүмкін су тасқынына және шұғыл эвакуацияға әзірлеумен байланысты алдын ала шараларды қабылдайды. Олар эвакуация жағдайында алу үшін аса қажетті заттарды – құжаттарын, ақшаларын алдын ала дайындап қояды және тұрғындардың қай жерде жиналатынын алдын ала біледі», — деді ол.

Ю. Ильиннің пікірінше, тұрғындардың бұл бағыттағы белсенділігі төтенше жағдай туындаған кезде ең бастысы адам шығынына жол берілмеуіне, тұрғындардың аталған жерлерге шұғыл эвакуациялануына мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар Ю. Ильин ҚР Ішкі істер министрлігі су тасқынына қарсы кешенді шараларды әзірлеу бойынша ғылыми мекемелермен тығыз жұмыс істейтінін атап айтты.

«Олардың қатарында бізге тиісті болжамдар беретін түрлі институттар бар. Сонымен қатар, біз қандай да бір төтенше жағдайларда практикалық ұсыныстар мен іс-қимылдарды дайындайтын оқу орындарымен келісім бойынша меморандумдар жасасамыз. Олар бізге қандай да бір сел қаупі бар су қоймасының, сондай-ақ қандай да бір өңірдегі су қоймасының бұзылуы салдарынан орын алатын жағдайлар туралы ықтимал қатерлер жобаларын жасап береді», — деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, ҚР ІІМ барлық бөлімшелері күшінің жалпы жиынтығы 12 мыңнан астам адам мен 1300 бірлік техниканы құрайды. Су тасқыны жағдайына байланысты Министрлік алдын-ала оңтүстік өңірлерден және Нұр-Сұлтан қаласынан Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарына қосымша күш пен құралдарды жеткізді (81 адам,16 бірлік техника).

Осы жылдың 18 наурызынан бастап ІІМ бөлімшелері жоғары дайындық үстінде, тасқынға қарсы жедел штабтардың жұмысы өрістетілді, ІІМ күштері мен құралдарының тобы бекітілді. Биыл апаттық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге 1000-нан астам адам және 300 жуық техника жұмылдырылды. Су тасқыны қаупі бар аудандарда күштермен және құралдармен қосымша 9 мың метр уақытша бөгет салынды, 65 мыңнан астам инертті материалы бар қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді. Су басқан үйлер мен аула маңы аумақтарынан 1,6 млн текше метр су сорылды. Халықты эвакуациялау жағдайына шамамен 1 850 қабылдау пункті дайындалды.
Алдын ала құлақтандыру нәтижесін берді: ҚР ІІМ тұрғындардың су тасқыны кезеңіне әзірлік белсенділігінің артқанын атап өтті
1/3
Алдын ала құлақтандыру нәтижесін берді: ҚР ІІМ тұрғындардың су тасқыны кезеңіне әзірлік белсенділігінің артқанын атап өтті
2/3
Алдын ала құлақтандыру нәтижесін берді: ҚР ІІМ тұрғындардың су тасқыны кезеңіне әзірлік белсенділігінің артқанын атап өтті
3/3